Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында екі азаматтан аса ірі мөлшерде марихуана тәркіленді

Жамбыл облысында екі азаматтан аса ірі мөлшерде кептірілмеген марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 тамызда көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері “Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында  Шу – Аспара станциясының аралығында есірткі заттарын жинау кезінде екі азаматты, Астана қаласы мен Түркістан облысының тұрғындарын ұстады. Олардан спецификалық иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған бір қапшық табылып, тәркіленді.

Сот-сараптамалық зерттеудің қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 9,6 келіден астам кептірілмеген марихуана болып шықты. Бұл аса ірі мөлшерге жатады.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпараттар ҚР ҚПК-нің  201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесіне орай жария етілуге жатпайды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру