Жамбыл облысында электрондық форматты қалыптастыру бойынша семинар-кеңес өткізілді
Жамбыл облысында полицейлердің қатысуымен электрондық форматты қалыптастыру бойынша семинар-кеңес өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап, Ішкі істер министрлігі, Экономикалық тергеу қызметі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі келісімі бойынша Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында жүргізіліп жатқан негізгі процестік шешімдерді электрондық форматта қалыптастыру және келісу жөнінде пилоттық жобаның іс-әрекетін барлық облыстарда жүргізуді тапсырған.
Пилоттық жобаны іске асыру мақсатында Жамбыл облысы Полиция департаментінде семинар-кеңес өткізілді, онда қылмыс қудалау органы мен прокуратура органдарының өзара іс-қимыл ұйымдастыру мәселелерін талқылау, сондай-ақ прокурорлардың, қылмыстық қудалау органдарының жекелеген шешімдерін келісуі және бекіту бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізуі, ақпараттық жүйелерінің функционалдары таныстырылды.