Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында ер адам 100 келіден астам марихуанамен ұсталды

Жамбыл облысында ер адам 100 келіден астам марихуанамен ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Ұлттық ұланның “Бүркіт” арнайы жасағымен бірлесіп, есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күреске бағытталған “Қарасора — 2025” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында, күдіктіні ұстау бойынша сәтті операция жүргізді.

Жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында Байзақ ауданының құмды аймағында, Ақжар ауылынан 125 шақырым қашықтықта, Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны ұсталды. Ол заңсыз түрде 108 келі 400 грамм кептірілмеген марихуана дайындаған.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау немесе сату) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру