Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында ерлікпен қаза тапқандарды еске алуға арналған турнир өтті

Жамбыл облысында ерлікпен қаза тапқандарды еске алуға арналған турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Динамо спорт кешенінде "Халық Қаһарманы" полиция капитаны Ғазиз Байтасовты және қызметтік борышын атқару кезінде қаза болған ішкі істер органдарының қызметкерлерін еске алуға арналған "Қоян-қолтық" күрестен облыстық турнир өтті.

Жарысқа өңірдегі құқық қорғау органдары және күш құрылымдары қызметкерлерінен құралған 7 команда, жалпы 65 қызметкер қатысып, өзара бақ сынады.

Қатысушылар жоғары спорттық дайындықтары мен бірліктерін көрсетіп, тартысты кездесулер өткізіп, өз шеберліктерін паш етті.

Нәтижесінде бірінші орынды – Жамбыл облысы полиция департаменті командасы, екінші орынды – ҚР Қорғаныс министрлігінің өңірлік әскери полициясы командасы, ал үшінші орын – ҚР Ұлттық ұлан 5513 әскери бөлімі командасы иеленді.

Жеңімпаздарды ПД бастығының орынбасары Бауыржан Жанаев пен Ғазиз Байтасовтың ұлы Әділжан Ғазизұлы марапаттады.

Бұл турнир ерлікпен қаза тапқан батырларымыздың рухына тағзым етіп, күш құрылымдары арасындағы ынтымақтастық пен спорттық рухты нығайтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру