Жамбыл облысында есептегі сотталғандар мекенжайы бойынша тексерілді
Жамбыл облысында есептегі сотталғандар мекенжайы бойынша тексерілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Талас аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары, прокуратура қызметкерлерімен бірлесе түнгі уақытта 46 сотталғанның мекенжайын тексеру бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Жыл басынан бері Талас аудандық пробация қызметі есебінен 147 сотталған өткен, есептік кезеңде барлығы 56 сотталған есепте тұр. Жаңадан есепке алынған тұлғаларды қоғамға қайта бейімдеу мақсатында Талас аудандық көпбейінді ауруханасының психолог маманы жолданып, тиісті қорытындылар алынған. Оның ішінде 47 сотталғанды тұрақты жұмысқа орналастырылды.
Жедел профилактикалық іс-шараның мақсаты - сотталғандарды қоғамға бейімдеу, қайта қылмыс жасамауы бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу.