Жамбыл облысында есептегі сотталғандарға іс-шара ұйымдастырылды
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Тараз қалалық №2 пробация қызметі Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай шара өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қалалық 2 пробация қызметінің қызметкерлерімен есепте тұрған азаматтар ұлы ойшыл, ақын ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Абай атындағы облыстық кітапханада ұйымдастырылған іс шараға қатысты.
Шара барысында қатысушыларға Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы деректер, оның қазақ қоғамындағы орны мен мәңгілік мұрасы жайында кеңінен мағлұмат берілді. Кітапхана қызметкерлері ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқып, қатысушыларды терең ойға жетеледі.
Іс шара соңында қатысушылар ақын шығармаларынан үзінді оқып өз әсерлерімен бөлісті. Мұндай мәдени көпшілік іс шаралар пробация есебіндегі азаматтардың рухани дамуына, оң көзқарас қалыптастыруына және қоғамға бейімделуіне оң ықпал ететіні айтылды.