Жамбыл облысында есептегі тұлғаларды түнгі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілді
Жамбыл облысында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есептегі тұлғаларды түнгі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
11–13 желтоқсан күндері Жамбыл облысы аумағында "Құқықтық тәртіп" атты жедел-профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл бастама биылғы жылдың "Профилактика жылы" және "Заң мен тәртіп" жылы деп жариялануына сәйкес жүзеге асырылуда. Іс-шараның басты мақсаты – қоғамдық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Іс-шара аясында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробация қызметіне басшылық ету бөлімі, пробация қызметінің жеке құрамы, сондай-ақ қалалық және аудандық полиция бөлімдері бірлесіп, есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша түнгі тексеру рейдтерін ұйымдастыруда.
Рейд барысында сотталған азаматтарға құқықтық тәртіптің қоғам үшін маңыздылығы түсіндіріліп, олардың құқықтық сана-сезімін арттыру және қайта қылмысқа барудың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар пробация есебіндегі тұлғалардың қоғамға қайта бейімделуіне қолдау көрсету шаралары да іске асырылуда.
Осындай профилактикалық бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
