Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында есірткіге қарсы айлықтың қорытындысы шығарылды

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні Тараз қаласындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта есірткіге қарсы айлық өз мәресіне жетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді, қала әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исабеков, сондай-ақ қоғам қайраткерлері, еріктілер мен тұрғындар қатысты.

- Біздің жұмысымыз тек есірткі тасымалдаушылар мен саудалаушыларды ұстау және есірткі тәркілеумен ғана шектелмейді. Біздің мақсатымыз - қоғамда, әсіресе жастар ортасында есірткіге қатысты тұрақты иммунитетті қалыптастыру. Тек бірлескен күш-жігермен біз осы жағдайға әсер ете аламыз. Айлық аяқталды, бірақ күрес жалғасуда. Алда — онлайн-ресурстарды бұғаттаудан бастап жасөспірімдермен жеке кездесіп, сөйлесуге дейінгі барлық бағыттар бойынша кешенді және жүйелі жұмыстар күтіп тұр, - деп атап өтті ПД бастығының орынбасары өз сөзінде.

Ең маңызды сәттердің бірі — тәркіленген есірткіні өртеу, бұл атқарылған жұмыстың маңызды бөлігі.

Жыл басынан бері облыста 246 есірткі қылмысы анықталды. Заңсыз айналымнан 1 тонна 883 келі есірткі алынды. Сонымен қатар 1097 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды.

Акцияда кинолог полицейлер өздерінің төрт аяқты көмекшілерінің есірткі іздеуге қатысты дағдыларын көрсетті, ал арнайы бөліністер көрнекі көрсетілімдер ұсынды. Кездесу концерттік бағдарламамен аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру