Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында "Кедергісіз келешек" бос орындар жәрмеңкесі өтті

Жамбыл облысында "Кедергісіз келешек" бос орындар жәрмеңкесі өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметінің басты міндеттерінің бірі – сотталған азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу және оңалту. Бұл бағытта оларға әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ жұмысқа орналастыру шаралары маңызды орын алады.

Осы орайда 18 қарашада "Аманат" партиясы мен Қордай ауданы бойынша мансап орталық филиалы бірлесіп ұйымдастырған "Кедергісіз келешек" атты бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараға Жамбыл облысы бойынша Қордай аудандық пробация қызметінде есепте тұрған жұмыссыз сотталған азаматтар да қатысты. Оларға жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша көмек көрсетілді

Жәрмеңке барысында 41 жұмыс берушіден 94 бос жұмыс орны ұсынылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру