Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында көлік полицейлері ер адамнан 56 келі марихуана тәркіледі

Жамбыл облысында көлік полицейлері ер адамнан 56 келі марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері "Қарасора - 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысы Меркі ауданындағы құрамында есірткі заттары бар жабайы өсімдіктер өсетін аумақта 30 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Тексеру барысында көлік полицейлері ер адамнан 56 келіден астам марихуана тәркілеп, есірткі жеткізу мен таратудың ішкі арнасына тосқауыл қойды.

Алынған заттың қара нарықтағы құны 4,5 млн теңге көлемінде бағаланып отыр.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру