Жамбыл облысында көліктерді алаяқтықпен иемденген күдікті анықталды
Жамбыл облысында көліктерді алаяқтықпен иемденген күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласы полиция басқармасына облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны танысын алдап, сенімін теріс пайдалану арқылы 8 Toyota Camry автокөлігін иемденіп алғаны туралы арызбен жүгінді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Тергеу барысында осы қылмысқа Тараз қаласының 30 жастағы тұрғынының қатысы бар екені анықталды.
Жүргізілген жедел-тергеу шараларының нәтижесінде Toyota Camry 5 көлік табылып, тәркіленді.
2025 жылғы 10 ақпанда қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес аяқталып, облыстық прокуратураға жолданды. ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды.