Жамбыл облысында мал ұрлығы дерегі 20%-ға төмендеді
Жамбыл облысында жыл басынан бері 500-ден астам мал ұрланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мал ұрлығына қатысты 125 қылмыстық іс қозғалды.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, кешенді алдын алу шараларының нәтижесінде биыл мұндай қылмыстардың саны 20 пайызға қысқарды.
Қылмыстық жауапкершілікке 49 адам тартылды, тоғыз қылмыстық топ ұсталды.
Олардың барлығы мал ұрлығымен ұдайы кәсіби деңгейде айналысқан.
Соңғы үш жылда мал ұрлау деректері 56 пайызға қысқарды.
– Біз жиі мал ұрланатын орындар мен аумақтарды, оны тасымалдау жолдарын анықтадық. Осыған қатысты жұмыс жасаудамыз. Мал сатылатын базарларда жедел топтар құрылды. Ұрланған малдың жартысы иелеріне қайтарылды, – деді Жамбыл облысының ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Юсупов.