Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында мал ұрлығының 15 дерегі ашылды

Жамбыл облысында мал ұрлығының 15 дерегі ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28-30 қараша аралығында облыс аумағында «Мал ұрысы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Нәтижесінде мал ұрлығының 15 дерегі ашылып, оның ішінде төрт қылмыстық топ құрықталды және өткен жылы болған 6 қылмыс ашылды. Сондай-ақ осы кезеңде үш мал ұрлығы дерегі орын алды, оның барлығы дер кезінде ашылып, үй жануарлары иелеріне қайтарылды.

Жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша 51 дерек, ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша 95 дерек анықталды. Сонымен қатар жыл басынан бері ауыл шаруашылығы жануарларларын жаю қағидаларын бұзу себебінен республикалық автожолдарда 16 жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан үш адам қайтыс болып, 28 адам түрлі дене жарақаттарын алған.

Жамбыл облысының Полиция департаменті үй жануарларын қараусыз қалдыру ұрлыққа ғана емес, адам өліміне де әкеп соғатындығын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру