Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында мас күйдегi жүргізуші жол апатын жасады

Жамбыл облысында мас күйдегi жүргізуші жол апатын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2023 жылдың 1 желтоқсанында сағат 4:30 шамасында Дихан-2 ауылының жанындағы Тараз – Сарыкемер – Мырзатай автожолында жол көлік апаты орын алды.

Мас күйде көлік басқарған 26 жастағы ВАЗ-2107 автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол-көлік оқиғасын жасады.

Көлік апаты салдарынан көлікте болған 27 жастағы жолаушысы Байзақ ауданының орталық ауруханасында қайтыс болды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-1-бабы 3-бөлігімен (Автокөлікті басқаратын адамның абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған мас күйінде жол қозғалысы ережелерін бұзуы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Жүргізуші қамаққа алынып, тергеу сотымен 2 айға санкцияланды.

Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Бапқа сәйкес осы қылмысты жасағаны үшін он жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделген.

2023 жылдың 11 айында көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 725 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру