Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында мас жүргізуші 15 күнге қамауға алынды

Жамбыл облысында мас жүргізуші 15 күнге қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 желтоқсанда Талас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қаратау қаласы көшелерінің бірінде қозғалысы күдiк тудырған Volkswagen Рassat автокөлігін тоқтатты.

Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес жүргізушінің жеңіл дәрежедегі мас күйінде болғаны анықталды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.

Талас аудандық сотының қаулысы бойынша құқық бұзушы жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру