Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында «Менің анам-полицей» атты балалар сурет байқауы аяқталды

Жамбыл облысында «Менің анам-полицей» атты балалар суреттерінің байқауы аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшылығы Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ішкі істер органдары қызметкерлерінің балалары арасында «Менің анам – полицей» тақырыбында сурет байқауын өткізді.

Байқауға Жамбыл облысының ПД қызметкерлерінің 5-тен 12 жасқа дейінгі 20-дан астам балалары қатысты. Оқушылар жұмысты ватмане, картонда, кенепте, әр түрлі техникада суретті қарындаш, гуашь, акварельмен орындаған.

Қазылар алқасы жеңімпаздарды суреттің мазмұны, байқау тақырыбына сәйкестігі және орындау дербестігі сияқты критерийлер бойынша анықтады.

Меркі ауданының полиция бөлімі ювеналды полиция тобының аға инспекторы Динара Омарованың ұлы Нұржан Рашид, Аружан Бахтыбек (анасы – Жамбыл АПБ ювеналды полиция тобының аға инспекторы Наурызгүл Жұмкина), Радмир Жанболатұлының анасы Жамбыл АПБ ювеналды полиция тобының аға инспекторы Ақнұр Пірімқұлованың жұмыс күндерін бейнелеген суреттері жас санаттары бойынша үздік деп танылды.

Сондай-ақ, Жамбыл облысының ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің арнайы сыйлығына ие болған Тараз қ.ПБ 2-ПБ әкімшілік полиция бөлімінің әкімшілік практика тобының аға инспекторы Роза Төлепбергенованың ұлы Айсұлтан Тоқаштың суреті аталып өтті.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 2021 жылдың 5 наурызында Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шарада өтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру