Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында мерекелік жиын өтті: полицейлер мен ардагерлер марапатталды

Жамбыл облысында полицейлер мен ардагерлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Салтанатты шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылып, Гимні орындалғаннан кейін ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің құттықтау жеделхаты оқылды.

Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлерін, барлық қазақстандықтарды маңызды мерекелермен құттықтап, қызметтік міндеттерін адал орындауға, заңнаманы қатаң сақтауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қылмыспен күресуге және азаматтардың құқықтарын қорғауға қажетті барлық шараларды қабылдауға шақырды.

Сонымен қатар департамент бастығы ұзақ жылғы мінсіз қызметі үшін ішкі істер органдарының ардагерлеріне алғысын білдіріп, осы салада жинақтаған тәжірибелері баға жетпес өнеге және қызметтік міндеттерді адал әрі әділ орындаудың үлгісі екенін атап өтті.

Сондай-ақ мерекелік шара барысында жұмыста ерекше көзге түскен қызметкерлер марапатталды. ҚР Ішкі істер министрінің және Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының бұйрықтарымен мінсіз қызметі мен жоғары жетістіктері үшін 180 полиция қызметкеріне медальдер, құрмет грамоталары, алғыс хаттары және өзге де марапаттар табыс етілді. Нәтижелі жұмыстарымен көзге түскен бірқатар полиция қызметкеріне арнайы атақтар табысталды.

Шара соңында оркестрдің сүйемелдеуімен гарнизон салтанатты маршпен сап түзеп, қызмет орындарына бет алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру