Жамбыл облысында мыңға жуық мопед пен скутер жүргізушілері жауапқа тартылды
Жамбыл облысында мыңға жуық мопед пен скутер жүргізушілері жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері жүргізушілерге екі дөңгелекті көлік құралдарын қауіпсіз жүргізу және олардың жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Алайда полиция қызметкерлері қабылдаған шараларға қарамастан, олар жол қозғалысы ережелерін бұзуды жалғастырып, жол апаттарына себеп болып отыр.
Жол апатын азайту мақсатында полицейлер мопедтер мен электрлік скутерлердің қатысуымен жиі жол-көлік оқиғасы тіркелетін облыс орталығындағы көшелер мен қала сыртындағы трассаларды қарқынды түрде патрульдеуде. Жолдарда шағын көлік құралдары жүргізушілерінің тәртібіне күшейтілген бақылау енгізілді.
Жыл басынан бері 691 мопед жүргізушісі және 263 электрлік скутер жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айып тұрағына 200-ден астам скутер қойылды.
Жамбыл облысының полиция департаменті осы көлік құралдарын пайдаланушыларға ұқыпсыз көлік жүргізудің қауіптілігі туралы ескертеді.