Жамбыл облысында оқушылар арасында “Есірткіге қарсы сурет” байқауы өткізілді
Жамбыл облысында оқушылар арасында “Есірткіге қарсы сурет” байқауы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Таразда оқушылар арасында “Балалар есірткіге қарсы” атты сурет салудан байқау өтті.
Іс-шараны Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, оқушылар сарайы, “Нығмет нұры” қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Байқауға 35 қатысушы өз жұмыстарын ұсынды. Өзекті тақырып жас суретшілерді бей-жай қалдырмады, картиналарда балалар жаман әдеттерге, атап айтқанда есірткіге деген жеке көзқарастарын білдірді.
Шығармалар орындау техникасы, жанрлары бойынша әртүрлі болды және оларда негізгі өмірлік құндылықтар келесідей көрініс тапты: денсаулыққа ұқыпты қарау, қайырымдылық, толеранттылық, жауапкершілік, мейірімділік және жақын адамдарды құрметтеу.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Марапаттау рәсімі барысында полиция қызметкерлері есірткі заттарын қолданудың зияндылығы, олардың денсаулыққа кері әсері туралы ақпараттандыруға бағытталған дәріс өткізді.
– Мұндай іс-шаралар есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында ұдайы өткізіліп тұрады. Осылайша, біз балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қауіпсіз өткізуге және әлеуетін дамытуға, олардың шығармашылығын дамытуға жағдай жасауда белсенді жұмыс жасаймыз, бұл нашақорлықтың таралу қаупін азайтады, – деп атап өтті Асқар Жұмабеков.