Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында полицейлер 24 келіден астам есірткі тасымалдаған тұрғынды ұстады

Жамбыл облысында полицейлер 24 келіден астам есірткі тасымалдаған Тараз тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Қарасора – 2024”  профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Меркі ауданының құмды аумағында  жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде KIA автокөлігін тоқтатты. 

28 жастағы жүргізушінің басқаруындағы автокөлік құмды аймақтан Тараз қаласына қарай бара жатқан. Көліктің ішінде облыс орталығының тұрғындары – 24, 26 және 28 жастағы үш жолаушы болған. 

Автокөлікті тексеру кезінде көліктің жүк салатын бөлігінде жалпы салмағы 24 келі 160 грамм кептірілмеген марихуана есірткі заты салынған 4 полипропилен қапшық тәркіленді.

– Қазіргі уақытта есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталғандар өз кінәларын мойындады, Меркі ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына  қамаққа алынды, – деді Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру