Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында полицейлер тұрғыннан 7 келіден астам марихуана тәркіледі

Жамбыл облысында полицейлер тұрғыннан 7 келіден астам марихуана тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ұлттық ұланның №5514 әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп жедел ақпаратты іске асыру барысында күдіктінің тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту жүргізді.

Аула аумағын қарау кезінде бақшадан жалпы салмағы 7 келі 520 грамм болатын 46 түп қарасора табылды.

Сонымен қатар шаруашылық сарайдан салмағы 376 грамм кептірілген марихуана салынған пакет анықталды.

Барлық тыйым салынған заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 300-бабы 3-бөлігі 2-тармағы — есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Аймақта есірткі өсімдіктерін заңсыз өсіру деректерін анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру