Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында полицейлер балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады

Жамбыл облысында полицейлер балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері Халықаралық балалар күні мерекесі қарсаңында “Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына” барып, тәрбиеленушілерге арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Шараның негізгі мақсаты – балаларға қамқорлық көрсетіп, мерекелік көңіл-күй сыйлау болды.

Мереке барысында полиция қызметкерлері балалармен бірге орталықтың саябағында серуендеп, түрлі танымдық және қызықты ойындар өткізді. Сонымен қатар балалар назарына цирк өнерпаздарының шағын қойылымы ұсынылып, көңілді шоу бағдарламалар ұйымдастырылды.

Іс-шара соңында балаларға тәттілер таратылып, әр балаға жеке сыйлықтар табыс етілді. Бүлдіршіндер үшін бұл күн жағымды көңіл-күй мен жарқын әсерлерге толы болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру