Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында полицейлер ер адамнан 32 келі марихуана тәркіледі

Жамбыл облысында полицейлер ер адамнан 32 келіден астам марихуана тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Қарасора 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шара жүргізді. Түнгі уақытта Шу ауданы Тасөткел ауылының маңында күдікті қолға түсті. Жеке тінту және аумақты қарау барысында полицейлер ерекше иісі бар екі үйінді жаңа шабылған өсімдік жинағын анықтады.

Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат — кептірілмеген марихуана болып шықты. Оның жалпы салмағы 32 келіден асады.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, "Қарасора 2025" іс-шарасы өңір аумағында есірткі заттарының заңсыз айналымын анықтап, жолын кесуге, сондай-ақ жабайы қарасора ошақтарын жоюға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру