Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында полицейлер есірткі жарнамасына қарсы жалпы күресті жалғастырды

Жамбыл облысында полицейлер есірткі жарнамасына қарсы жалпы күресті жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2024 жылдың 19 қыркүйегінде полиция қызметкерлері М. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттерімен, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығымен» және еріктілермен бірлесіп, «Есірткісіз болашақ» ұранымен граффити жазуларды бояу бойынша акция өткізді.

Акцияның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күрес шараларын  күшейту болды. Іс-шараға 700-ден астам адам қатысты.

Акция барысында студенттерге есірткі мен синтетикалық есірткіні қолданудың зияны туралы айтылды. Полицейлер қатысушыларды ұлт пен болашақ ұрпақтың денсаулығына қауіп төндіретін есірткіні, оның ішінде синтетикалық есірткіні таратудан туындайтын жалпы проблемадан аулақ болуға шақырды.

Сондай-ақ іс-шара барысында Жамбыл облысы ПД кинологиялық қызметі мен оқу-жаттығу взводының көрсетілімдері өткізілді.

Іс-шараның маңызды бөлігі ғимараттар мен қоршаулардың қасбеттеріндегі есірткі жарнамалары бар граффити жазуларды бояу болды, өйткені әрбір боялған граффити немесе QR код біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін. Айта кету керек, мұндай акциялар Жамбыл облысында тұрақты негізде өткізіледі.

– Есірткі граффитиін қолдану үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген қылмыс болып табылады. Азаматтар мұндай жағдайлар туралы «102» нөмірі бойынша және «Narko Shekteu Taraz» анонимді желісіне тәулік бойы хабарлауына болады. Анонимділік пен құпиялылыққа кепілдік беріледі, – деп атап өтті Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Қанат Белгібаев.

Жамбыл облысының полиция департаменті өңірдің әрбір жанашыр тұрғынын есірткі жарнамасына қарсы күреске қатысуға шақырады.

Жамбыл облысы челлендж эстафетасын Қарағандыдан қабылдап, ҚР басқа облыстарына жолдайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру