Жамбыл облысында полицейлер ойын-сауық орталықтарын тексерді
Жамбыл облысында полицейлер ойын-сауық орталықтарын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа жыл мерекесінде Жамбыл облысының полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген қызмет режимде тәулік бойы қызмет атқаруда.
Мереке күндері адамдар көп жиналатын орындарда — сауда орталықтарында, кафе мен барларда, ойын-сауық мекемелерінде, сондай-ақ тұрғын үйлерге іргелес аумақтарда бақылау күшейтілді.
Жол қозғалысы қауіпсіздігіне, мас күйінде көлік жүргізу фактілерін анықтау мен жолын кесуге, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылуда.
Полиция тұрғындарды заң талаптарын және қоғамдық тәртіпті қатаң сақтауға, жүргізіліп жатқан профилактикалық шараларға түсіністікпен қарауға, сондай-ақ кез келген құқық бұзушылық фактілері туралы "102" нөмірі арқылы жедел хабарлауға шақырады.
