Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында полицейлер оқу орындарында 1600-ге жуық сабақ өткізді

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері оқу орындарында 1600-ге жуық құқықтық сауаттылық бойынша сабақ өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысы полиция департаментінің басшылығы білім беру мекемелерінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізді. Оқу жылының басынан бері ведомствоның басшылық құрамы балалар мен жасөспірімдерде құқықтық сананы қалыптастыру мақсатында 120-дан астам дәріс пен әңгімелесу, жалпы алғанда полицияның әрбір бөліністерінің қызметкерлері оқу орындарының қабырғасында 1600-ге жуық құқықтық сабақ жүргізді.

Бұл сабақтар барысында полиция қызметкерлері түсінікті түрде мектеп оқушыларына тәуелділіктің дамуына әсер ететін факторлар, есірткі мен психоактивті заттарды қолданудың салдары, ЖҚЕ сақтаудың маңыздылығы туралы айтады, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қылмыстың құрбаны болуы мүмкін жағдайлар туралы да талқылады. Сонымен қатар жасөспірімдермен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселелері де айтылды. Себебі осындай деректер еліміздің көптеген өңірінде жиі тіркелуде.

– Кездесу барысында тәжірибелік жұмыстар жасалды, балаларға өздері де шеше алатындай күнделікті өмірден алынған жағдайлар берілді. Бұл кезде балалар белсенді түрде қатысып, түрлі сұрақтар қояды. Егер кәмелетке толмағандарға жауапкершілік туралы ескертілсе, алдын алу ақпаратымен қамтамасыз етілген олар құқыққа қайшы әрекеттер жасамас бұрын дұрыстап ойланады, – деді Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ бастығының міндетін атқарушы Манас Әбдікәрімов.

Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ведомство басшылары мен жеке құрамның білім беру мекемелеріне баруы күн сайын жүргізілетінін хабарлады.

– Полицейлер балалардың денсаулығы мен өмірінен қымбат ештеңе жоқ екенін жақсы түсінеді, сондықтан бұл мәселе маңызды және оған баса көңіл бөлу қажет, – деп атап өтті құқық қорғау ведомствосы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру