Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында полицейлер жасөспірімдерге пайдалы демалыс ұйымдастырды

 “Динамо” спорт кешенінде полицияда есепте тұрған 46 жасөспірімге, сондай-ақ “Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының” тәрбиеленушілеріне арналған спорттық іс-шаралар өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері және басқа да мүдделі ведомстволар балалар мен жасөспірімдер үшін пайдалы демалыс ұйымдастырды.

Ішкі істер органдарында есепте тұрған жасөспірімдер полицейлердің ерекше бақылауында тұрады.”Динамо” спорт кешенінде полицияда есепте тұрған 46 жасөспірімге, сондай-ақ “Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының” тәрбиеленушілеріне арналған спорттық іс-шаралар өткізілді.

Спорттық шаралар барысында жасөспірімдерге өзін-өзі қорғау мақсатында қолданылатын жауынгерлік күрес әдістерін және басқа да  жаттығу түрлерін үйренуге мүмкіндік туды.  

Жамбыл облысының “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамы ведомстволық спорт залының базасында барлығы 13 секция бар, онда 278 жасөспірім бала спортпен айналысады, оның ішінде 31 бала полицияда есепте тұр. 

– Біз ата-анасы бас тартқан және полиция қызметкерлерінің назарына түскен балалармен тұрақты жұмыс жүргіземіз. Біздің басты міндетіміз – олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және  сабақтан тыс уақыттарын пайдалы өткізуіне көмектесу. Сондай-ақ олар үшін секциялар мен үйірмелер жұмыс істейді. Бұл жасөспірімнің көшеде бос жүруіне жол бермеу үшін жасалады, – деді Жамбыл облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Қалышев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру