Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында полицейлер жазғы демалыстағы балалар қауіпсіздігін бақылайды

Жамбыл облысында полицейлер жазғы демалыстағы балалар қауіпсіздігін бақылайды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – құқық қорғау органдарының басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандармен жұмыс бағытында кешенді профилактикалық іс-шараларды белсенді түрде жүзеге асыруда.

Қоғамдық орындарда, демалыс аймақтарында, суға шомылатын жағажайлар мен жазғы лагерьлерде оқушыларға арналған мінез-құлық ережелерінің арнайы нұсқаулары дайындалып, әрбір мектеп оқушысына жеке түсіндірілуде.

Табиғат аясына, су қоймалары мен өзен-көлдерге экскурсиялар кезінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда. Суға түсу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау, кәмелетке толмағандарды қараусыз қалдырмау мәселелері басты назарда.

Білім беру мекемелерімен бірлесе отырып, лагерь аумақтарының қоршауы, кіріп-шығу тәртібі мен күзет жұмыстары тексерілді. Балалар қауіпсіздігіне бағытталған 1800 жаднама лагерь әкімшілігіне таратылды.

Әрбір лагерьге құқықбұзушылықтардың алдын алу, жарақаттану қаупін болдырмау және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жауапты полиция қызметкерлері бекітілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру