Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында полиция департаменті бастығының орынбасары тағайындалды

Жамбыл облысында полиция департаменті бастығының орынбасары тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары болып полиция полковнигі Байжан Байгелді тағайындалды. Бұл туралы Жамбыл облысының ПД бастығы Арманбек Баймурзин өзінің фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

Байжан Исембекұлы Жамбыл облысының тумасы, құқық қорғау органдарында 29 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан тәжірибесі мол маман. 

Ол әр жылдары Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстық полиция департаменттерінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

– Б. Байгелді қылмыстық істерді тергеу мәселелеріне, жедел-криминалистикалық полиция, анықтау басқармасы және заң бөлімінің жұмысына жетекшілік ететін болады. Орынбасарыма ел игілігі жолында табысты қызмет атқаруды тілеймін, – деп атап өтті Арманбек Баймурзин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру