Жамбыл облысында полиция колледж студенттеріне қылмыскерлерді қалай ұстайтынын көрсетті
Жамбыл облысында полиция колледж студенттеріне қылмыскерлерді қалай ұстайтынын көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер Шу ауданының студенттеріне ауданаралық Дельта – Долина есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліміне экскурсия ұйымдастырды. Іс-шара Шу аудандық жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен бірлесіп өткізілді.
2007 жылы құрылған бұл арнайы бөлім Шу алқабынан есірткіні ел аумағына тасымалдау арналарын және оны сақтау орындарын анықтаумен айналысады. Бөлімнің жұмысы Шу ауданының ғана емес, сонымен қатар Мойынқұм, Қордай, Меркі және Тұрар Рысқұлов аудандарының аумағын да қамтиды. Мобильдік жедел топтар заманауи техникалық құралдармен жабдықталған.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметкерлері студенттерге өз жұмыстары туралы айтып, қызмет барысында қолданатын арнайы техникаларды, қылмыскерлерді құрықтау операцияларында оларды қалай қолданатынын көрсетті.