Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында полиция тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Жамбыл облысының тұрғындарына есірткіге қарсы заңнамадағы соңғы өзгерістер енгізілген брошюралар таратылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қалалық жастар ресурстық орталығымен және еріктілермен бірлесіп, есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл туралы заңға енгізілген жаңалықтарды түсіндіру бойынша іс-шара өткізді.

Адамдар көп жиналатын теміржол вокзалы, автовокзал, әуежай аумағында тұрғындарға 2025 жылғы 3 наурызда күшіне енетін есірткі қылмыстары туралы заңнамаға енгізілген түзетулер егжей-тегжейлі жазылған брошюралар таратылды.

Заңда есірткі өндіруге, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың есірткі өндіруіне, қайта өңдеуіне және даярлауына қатысты қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. 

Алғаш рет күшті әсер ететін  есірткі заттарының, сондай-ақ есірткі өндірісінде қолданылатын прекурсорлардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Сонымен қатар есірткіні жасырын орындарға қойып кетуші тұлғалар үшін жазалар аздап жеңілдетілді. 

Брошюраларда синтетикалық заттардың таралу мәселесіне ерекше назар аударылған. 

Сондай-ақ қалааралық тасымалдаумен айналысатын автобус жүргізушілерімен күдікті жүктерді тасымалдауға жол бермеуге қатысты   түсіндіру жұмыстары  жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру