Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында полиция жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған рейд өткізді

Жамбыл облысында полиция жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған рейд өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және екі доңғалақты көлік жүргізушілерінің тәртібін арттыру мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Үш күн ішінде полиция қызметкерлері мотокөлік жүргізушілері тарапынан 236 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтады.

Полицейлер мотокөлікті мас күйінде басқарудың 5 жағдайын, жүргізуші куәлігі немесе тиісті санаты жоқ 57 деректі тіркеді.

Сегіз жүргізуші жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін қолданғаны үшін жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 21 жағдай мопед пен скутерді тіркеусіз пайдаланғандар.

Рейд қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнаманы бұзғаны үшін 99 мопед арнайы тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру