Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында пробация қызметінің жұмысы тиімділігін көрсетті

Жамбыл аудандық пробация қызметі есептегі азаматтарды түзету және қоғамға қайта бейімдеу бағытында жоспарлы жұмыстарын жалғастыруда. Соңғы шаралардың бірі ретінде сотталған азамат тұрақты жұмысқа орналастырылып, құқықтық түсіндіру мен әлеуметтік қолдаудың нәтижесінде қоғамға бейімделу жолына түсті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Жамбыл аудандық пробация қызметі есепте тұрған азаматтарды түзету және оларды қоғамға қайта бейімдеу бағытында жоспарлы жұмыстарын жалғастыруда.

Сотталған азаматпен жүргізілген профилактикалық шаралар осы жұмыстың маңызды бір бөлігі болды. Пробация қызметкерлері оның тұрмыс жағдайын, әлеуметтік ортасын және мінез-құлқын жан-жақты зерделеп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстың алдын алу және өз-өзіне жауапкершілікпен қарау жөнінде нақты ұсыныстар берілді.

Аудандық әкімдік, жұмыспен қамту орталығы және өзге де мемлекеттік органдармен бірлескен іс-қимылдың арқасында сотталған азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бұл – оның түзелу жолына түсуіне, қоғамға бейімделуіне және әлеуметтік тұрақтылығын қалыптастыруға жасалған маңызды қадам.

Пробация қызметінің мамандары аталмыш бағыттағы жұмыстың алдағы уақытта да жалғасатынын, есептегі азаматтармен жеке профилактикалық кездесулер тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті. Мұндай шаралар қылмыстың алдын алуға, құқықтық мәдениетті арттыруға және қоғам қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру