Жамбыл облысында профилактикалық жұмыс оң нәтижесін беруде
Жамбыл облысында мопед жүргізушілері жол ережелерін жиі сақтай бастады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлерінің жүйелі профилактикалық жұмысының арқасында Жамбыл облысында мопед пен скутер жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауында тұрақты оң өзгерістер байқалуда.
Олардың басым бөлігі жүргізуші куәлігімен жүреді, қорғаушы бас киім киеді, жылдамдықты сақтайды және бағдаршам сигналдарына бағынады. Жол қозғалысының басқа қатысушылары да бұл оң өзгерістерді байқап отыр. Автокөлік жүргізушілері мопед мінгендердің әрекеттері бұрынғыға қарағанда болжамды әрі тәртіпті болғанын айтады.
- Бұрын мопедтер көбіне аяқ астынан — қарсы жолақта, тротуарда, көліктердің арасында жүріп кедергі келтіретін. Қазір жағдайдың өзгергені көрініп тұр, көпшілігі ережемен жүреді, — дейді 20 жылдық тәжірибесі бар жүргізуші Жансейт Әміржанұлы.
Дегенмен, полиция қызметкерлері әлі де заң бұзушылықтарды анықтап отыр. Ең жиі кездесетіні — жүргізуші куәлігінсіз мопед айдау және жолаушыны талапқа сай келмейтін жағдайда тасымалдау.
Заң бұзушылықтардың айтарлықтай бөлігі кәмелетке толмағандар тарапынан жасалатыны —ең алаңдатарлық жайт. Кейбір жасөспірімдер көбіне ата-аналарының келісімімен дайындықсыз әрі құжатсыз мопед айдайды.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 200-ден астам рейд жүргізіп, білім беру ұйымдарында жасөспірімдермен және ата-аналармен кездесулер ұйымдастырды. Бұл шаралар кешенді профилактикалық бағдарлама аясында жалғаса бермек.
– Біздің мақсатымыз — жазалау емес, үйрету. Жолдағы қауіпсіздік тәртіптен басталады. Және біз жастардың көбі мұны түсініп келе жатқанына қуаныштымыз, — деді Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ бастығы Манас Әбдікәрімов.
Сонымен қатар өңірде екі дөңгелекті көліктерді тіркеу жұмыстары жалғасуда. Полиция қызметкерлері қазірдің өзінде 1682 мопедті тіркеген.