Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында "Қазақстан – есірткісіз болашақ" спорттық іс-шарасы өтті

Жамбыл облысында "Қазақстан – есірткісіз болашақ" спорттық іс-шарасы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл ауданы Аса ауылында "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында"Қазақстан – есірткісіз болашақ" тақырыбында спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында есірткіге қарсы көзқарасты қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Іс-шараны Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, Жастар ресурстық орталығы, дене шынықтыру және спорт бөлімі, сондай-ақ "Елу жылда – Ел жаңа" қоғамдық бірлестігі бірлесіп өткізді.

Турнирге 2013–2014 жылы туған жасөспірімдерден құралған 10 команда қатысып, қыздар арасында волейболдан жарыс өтті. Сонымен қатар полиция департаментінің кинологиялық орталығы мамандары қызметтік иттермен түрлі әсерлі көрсетілімдер ұйымдастырды.

Тартысты сайыс нәтижесінде І орынды "Бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы", ІІ орынды "Балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубы" иеленсе, ІІІ орынды Түлкібас ауданының №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі мен Абай атындағы орта мектеп командалары бөлісті. Үздік ойыншылар номинациялар бойынша марапатталды.

Іс-шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жастарды салауатты өмір салтына баулуға үлес қосты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру