Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері саптық тексерістен өтті

Жамбыл облысында ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері саптық тексерістен өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жеке құрамның 52 қызметкер толықтай саптық тексерістен өткізілді.

Саптық тексеріс барысында ҚАЖД мекемесінің қызметкерлері сыртқы келбеті жинақы, таза әрі ұқыпты және нысандық киім үлгісінің талапқа сай болуы назарға алынды.

Сондай-ақ қызметтік куәліктерінің жарамдылық мерзімі, лауазымы мен арнайы атағының тиісті талапқа сәйкес келуі мұқият тексерілді. Ал, анықталған елеусіз кемшіліктерді жою бойынша нақты тапсырма берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру