Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында ҚАЖД қызметкерлері донорлық қан тапсырды

Жамбыл облысында ҚАЖД қызметкерлері донорлық қан тапсырды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде “Қан тапсырып – өмір сыйла” атты акция ұйымдастырылды. Шара барысында Тараз қалалық №3 пробация қызметінің қызметкерлері қан тапсыру орталығына барып, донорлық қан өткізіп, игі істің үлгісін көрсетті.

Акцияға № 3 пробация қызметкерлері: Алтынбек С.Т., Байлауов А., Кынатбекұлы Б., Ауен А., Қарымсаков Б., Ақзымалиева Ш., Әсембек Ж., Мергенбай Б., Саматұлы Н. Құлдыбаев М белсенді түрде қатысып, науқастардың өмірін сақтауға үлес қосты.

– Қан тапсыру – әр адамның азаматтық әрі адамгершілік борышы. Донорлықтың арқасында көптеген жандардың өмірі сақталып қалады. Бүгінгі акцияға қатысу арқылы біз қоғамға аз да болса үлесімізді қосып отырмыз, – деді №3 пробация қызметінің бастығы.

Мұндай іс-шаралар азаматтардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беріп қана қоймай, қоғамда мейірімділік пен өзара қолдау сезімін нығайтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру