Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында қызмет бабында ерлік жасаған полицейлер марапатталды

Жамбыл облысында қызмет бабында ерлік жасаған полицейлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Тұңғыш Президент саябағында салтанатты іс-шара өтті. Оған Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин қатысты.

Іс-шара барысында мінсіз қызметімен ерекшеленген полиция қызметкерлері марапатталды.

Облыс әкімі қызмет бабында ерлік пен батырлық көрсеткен Тараз қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары Әділет Тойжігіт, Ералы Сансызбаев, Дәурен Колкаевтарға алғысхат табыс етті.

Сондай-ақ осы күні полиция департаментінің саптық алаңында жеке құрамның салтанатты жиыны өткізілді. Қызметкерлер бұл күнді Әнұранды ұжым болып орындаумен атап өтті.

 

 

– Мемлекеттік рәміздер қазақ халқының бірлігін көрсетеді, біздің тарихымызды бейнелейтін тәртіп сақшыларына патриоттық тәрбие берудің ажырамас бөлігі. Мемлекеттік рәміздер қызметтің ең маңызды кезеңдерінде полицейлермен бірге және әрқайсымызды ел игілігі үшін жанқиярлық еңбекке жетелейді, – деп атап өтті ПД бастығы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру