Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында шопан 61 жылқы мен 169 қой сатты деген күдікке ілінді

Жамбыл облысында шопан 61 жылқы мен 169 қойды сатты деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 15 наурызында Байзақ ауданының полиция бөліміне Тараз қаласының тұрғыны фазендадан ірі қара және ұсақ малдардың жоғалғаны туралы арызданған. 2020 жылдың қараша айынан бастап малдар шопанның бағуымен Байзақ ауданындағы жайылымда болған. 12 наурызда ол фазендаға келіп, 61 жылқы мен 169 қойдың жоқ екенін көрді. Жәбірленушіге келтірілген залал 36 миллион 680 мың теңгені құрайды.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлерімен өз кінәсін толық мойындаған 40 жастағы шопан ұсталды, ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру