Жамбыл облысында сотталған шетел азаматы бейнебайланыс арқылы туыстарымен сөйлесті
Жамбыл облысында сотталған шетел азаматы бейнебайланыс арқылы туыстарымен сөйлесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі таңда Тараздағы өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде бірқатар шетелдіктер жазасын өтеп жатыр. Өзге елдің азаматтарының басым көпшілігі біздің елдің шекарасын заңсыз кесіп өткені үшін кінәлі деп танылып, сот үкімінің негізінде бас бостандығынан айырылған.
Әйтсе де, түзеу мекемелерінде жазасын өтеуші жандарға туған-туыстарымен хат-хабар алмасуға мүмкіндік бар. Бұл ретте олар Skype жүйесін пайдалана алады. Дәл осы жүйе арқылы бейнебайланысты пайдалану мүмкіндігіне ие болған шетел азаматтары жақындарының аман-саулығын біліп, жағдайын сұрады.
Айта кетейік, бейнеконференция – әлеуметтік байланыстан ажырамаудың төте жолы әрі темір тордың арғы жағындағы азаматтардың жанұясымен хабар алмасудың тиімді мүмкіндігі.