Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында сотталғандар қарттар үйінде сенбілік өткізді

Жамбыл облысында сотталғандар қарттар үйінде сенбілік өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде “Таза Қазақстан” республикалық экоакциясы жүйелі түрде ұйымдастырылып жатқаны белгілі. Санитарлы-тазалық жұмыстарынан сот шешімінің негізінде кінәлі деп танылған жазасын өтеуші азаматтарда тыс қалған жоқ.

Мәселен, Тараздағы өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының инспекторы, Асыл Оразбаевтың жетекшілігімен бір топ сотты болған азаматтар қарттар үйінде тазалық жұмыстарын жүргізді.

Бұл күні олар №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының аумағын күл-қоқыстан арылтып, сауапты іс жасады. Өз кезегінде қарияларға құрмет көрсеткендерге шынайы ризашылықтарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру