Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында сотталғандарға психологиялық тренинг ұйымдастырылды

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №26 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтеушілер үшін "Эмоциялық күйреудің алдын алу" тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл шара сотты болғандардың психологиялық жағдайын жақсарту, өзін-өзі реттеу қабілеттерін дамыту және өмірлеріне оң өзгерістер енгізу мақсатында өтті.

Тренинг барысында М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің психологтары М.Мырқасымова және Қ.Сайлыбаева қатысушыларды қызық ойындар мен әдістемелер арқылы өз эмоцияларын жеңуге көмектесетін тәсілдермен таныстырды. Сондай-ақ бұл күні сотталған азаматтар эмоцияларын еркін білдіру, әлеуметтік байланыстарды нығайту мен күйзелістен арылу жолдарын меңгерді.

Мекеме психологы Айгерім Саурбаеваның айтуынша, мұндай тренингтер жазасын өтеушілерге жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар ашып, олардың өміріне позитивті өзгерістер енгізуге ықпал етеді.

– Жазасын өтеушілерге медициналық немесе заң тұрғысынан көмек көрсетуден бөлек, психологиялық қолдау да аса қажет. Тренинг барысында психологтар стресс пен эмоциялық қажуды еңсеруге арналған ой-пікірлерін ортаға салды. Бұдан бөлек қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, бір-біріне қолдау көрсетті, – дейді Айгерім Саурбаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру