Жамбыл облысында тойдың қазысы мен тойбастарын ұрлаған күдікті ұсталды
Жамбыл облысында тойдың қазысы мен тойбастарын ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Меркі ауданында полиция қызметкерлері тұрғын үй жайларға ұрлық жасаған күдіктіні анықтады.
Ер адам пластик есікті ығыстыру арқылы тұрғын үйлерге заңсыз кіріп, алтын әшекейлер, ноутбук және басқа да құнды заттарды жасырын ұрлаған.
Сондай-ақ, басқа тұрғын үйдің қоймасынан азық-түлік (жылқы қазысы), тойбастар сыйлықтарын және өзге де заттарды ұрлап кеткені белгілі болды.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында бұрын сотталған 39 жастағы ер адам ұсталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің тұрғын-жайға заңсыз кірумен жасалған ұрлық бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.