Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында тұрғыннан ірі көлемде есірткі партиясы тәркіленді

Байзақ ауданында ірі көлемде есірткі партиясы тәркіленді, –   деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Байзақ ауданы прокуратурасымен бірлесіп, есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен 51 жастағы аудан тұрғынын ұстады.

Күдіктінің үйін тінту барысында жалпы салмағы 15 келіден асатын кептірілген марихуана есірткі заты табылып, тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соттың шешімімен күдіктіге бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау санкциясы берілді.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің басқа ақпараттары жариялауға жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру