Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында үлкен көлемде оқ-дәрілер мен қару-жарақ жасырылған орын табылды

Шу ауданында қараусыз қалған ғимараттың жертөлесінен үлкен көлемде оқ-дәрілер мен қару-жарақ табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының Шу ауданында қараусыз қалған ғимараттың бірінің жертөлесінен үлкен көлемде оқ-дәрілер мен қарулар жасырылған орын табылды. Жедел-іздестіру іс-шараларын Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізді.

Нәтижесінде 9 бірлік қару мен оқ-дәрілер, атап айтқанда 4 бірлік 16 калибрлі ИЖ-ЗК бір оқпанды аңшы мылтығы, 16 калибрлі ИЖ-17 бір оқпанды шолақ мылтық, 9 мм калибрлі Байкал 79-9ТМ травматикалық тапаншаның 2 бірлігі, тапанша, 5,45 мм калибрлі патрондардың 270 бірлігі, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде полиция департаментінің қоймасынан ұрланған 9 мм калибрлі ПМ тапаншасы табылып, тәркіленді.

ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев қаруға сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру