Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында ұрлықты кәсіп еткен күдікті ұсталды

Жамбыл облысында ұрлықты кәсіп еткен күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдіктіні ұстады.

23 шілдеде полицияға жергілікті тұрғын белгісіз біреудің үйіне терезеден кіріп, 2 890 000 теңге болатын алтын бұйымдары мен қолма-қол ақшасын ұрлағанын хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 33 жастағы Шу ауданының тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында оның 3 450 000 теңгенің мүлкін ұрлағаны анықталды. Жалпы, күдіктінің жеті ұрлық дерегіне қатысы бар екені белгілі болды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру