Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында заңсыз балық аулау дерегі анықталды

Жамбыл облысында заңсыз балық аулау дерегі анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері балық шаруашылығы инспекциясының өкілдерімен бірлесіп, “Уылдырық” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз балық аулау дерегін анықтады.

Ер адамның Мойынқұм ауданы маңындағы көлдердің бірінде ескекті қайықпен, жалпы салмағы 45 келіден астам балықты заңсыз аулап үлгергені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 335-бабының 3-бөлігі, 2-тармағына сәйкес (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полиция уылдырық шашу кезеңінде балық аулау балық популяциясының азаюына әкелетінін ескертеді. Азаматтарды заңнамаларды сақтауға, флора мен фаунаға және экологияға зиян келтірмеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру