Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында жастар арасында нашақорлықтың алдын алу шаралары күшейтілуде

Жамбыл облысында жастар арасында нашақорлықтың алдын алу шаралары күшейтілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінде ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес жастарды есірткі қатерінен қорғау, сондай-ақ жасөспірімдерді есірткі ортасына тартудың алдын алу мақсатында Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Жиынға облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Мақсат Қанапияев төрағалық етті. Кездесу барысында соңғы төрт айдағы профилактикалық жұмыстың қорытындылары талданып, алдағы кезеңге арналған негізгі бағыттар айқындалды.

Әсіресе, жасөспірімдер арасында есірткі заттарының таралу қаупіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар құқық қорғау органдарының, білім беру ұйымдарының, жергілікті атқарушы билік пен қоғамдық бірлестіктердің бірлескен іс-қимылын күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Спикерлердің айтуынша, алдын алу шаралары кешенді түрде жүргізілуі тиіс. Оның ішінде мектеп оқушылары мен студенттерге, ата-аналарға және педагогтарға бағытталған ағартушылық пен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бар.

— Қазіргі таңда алдын алу шаралары бұрынғыдан да маңызды. Жастар – біздің болашағымыз. Біз оларды кез келген есірткі қатерінен қорғауға тиіспіз. Ол үшін барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру қажет, — деді Мақсат Қанапияев.

Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің бұйрығымен профилактикалық қызметке айрықша үлес қосқан кеңес мүшелері марапатталды.

Отырыстың қорытындысында қатысушылар үйлестіруді күшейтіп, атқарылып жатқан шаралардың тиімділігін жүйелі түрде бақылауға уағдаласты. Бұл өз кезегінде әр жасөспірімнің қауіпсіз ортада өсіп-жетілуіне және ықтимал қатерлер туралы дер кезінде хабардар болуына жағдай жасайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру