Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында жол ережесін бұзған борышкерлерден 49 млн теңге өндірілді

Жамбыл облысында жол ережесін бұзған борышкерлерден 49 млн теңге өндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Борышкер – 2024» жедел алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер арнайы автокөліктерде орнатылған тиісті деректер базасы бойынша жүргізушілерді тексеруді жүзеге асырды.

– Үш күн ішінде мемлекет бюджетіне 48 млн 956 мың теңге өндірілді. Төленбеген айыппұлдары бар 301 автокөлік арнайы тұраққа қойылды, – деді Жамбыл облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жайдарбек Құттыбаев.

Сондай-ақ, халық арасында әкімшілік айыппұлдарды төлеу жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 2069 борышкердің үйі мен пәтерлеріне бару жүзеге асырылды.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері облыс орталығында BMW көлігін тоқтатып, тексеру кезінде жылдамдықты асырғаны үшін 3 төленбеген нұсқама анықталды. Борышкердің көлігі айыппұлдары толық өтелгенге дейін арнайы тұраққа қойылды.

Жамбыл облысының полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл көлемінің 50%-ын төлеуге құқылы екенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру