Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында жол қауіпсіздігі айлығы өткізілуде

Жамбыл облысында жол қауіпсіздігі айлығы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 19 шілде мен 18 тамыз аралығында Жамбыл облысының аумағында «Қауіпсіз жол»жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Рейдтік іс-шаралар шеңберінде әкімшілік полиция қызметкерлері кәсіпорындарда және еңбек ұжымдарында жүргізушілермен, оның ішінде автобус, маршруттық көлік құралдары мен такси жүргізушілерімен профилактикалық әңгімелер жүргізеді. Ал облыс орталығы мен қала сыртындағы жолдардың апатты-қауіпті учаскелерінде полицейлер бүктемелер, брошюралар мен жадынамалар таратуды ұйымдастырды. Жүргізушілерге жол-көлік оқиғасының негізгі себептері туралы айтып, жол ережесін сақтауға шақырды.

Апаттар санын азайту үшін жол қозғалысын бақылау процесін автоматтандыру бойынша шаралар кешені жүзеге асырылады. Мысалы, облыстағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында республикалық маңызы бар автожолдарда көлік құралдарының жылдамдық режимін бақылауды жүзеге асыратын 10 «Арқан» мобильді аппараттық-бағдарламалық кешені пайдаланылады.

Жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркеудің аппараттық-бағдарламалық кешендерін пайдалану оларды қолданудан оң нәтиже берді: трассаларда 12 «Автоураган» кешені орнатылды, олардың 10-ы қазіргі уақытта тестілік режимде жұмыс істейді, ал екеуі 1 наурыздан бастап жұмыс істейді, соның нәтижесінде аумақтарда бірде-бір жол-көлік оқиғасы тіркелмеген.

Бүгінгі күні республикалық автожолдардағы жол-көлік оқиғалары шоғырланған барлық аумақтарда 700 шақырымнан астам шуылды жолақтары жаңартылды. Ал жолдарды қанағаттанарлықсыз ұстағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін полицейлер 162 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Полицейлер өткізетін барлық іс-шаралардың міндеті – жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін азаматтардың назарын автожолдарда болған жарақаттар мәселелерін шешуге аудару.

– Біз өңірдің барлық тұрғындарын жол қозғалысы қауіпсіздігі айлығына белсенді қатысуға шақырамыз. Жол қозғалысына күнделікті қатысуда жауапкершілікпен қараулары қажет. Жүргізушілер жол жүру ережелерін сақтасын. Ал жаяу жүргіншілер жүріс бөлігі арқылы өтетін уақыт пен орынды таңдағаны дұрыс. Жолаушылар болса әрқашан қауіпсіздік белдіктерін пайдалануы, сондай-ақ құқық бұзған жүргізушілер туралы құқық қорғау органдарына хабарласын, – деді Жамбыл облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Николай Сон.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру